Сыртқы істер министрлігі жаңа мәлімдеме жасады
Сыртқы істер министрлігі жаңа мәлімдеме жасады
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. "Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің 41-саммиті барысында «Әл-Ула Декларациясына» қол қойылуын құптаймыз. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр және Қатар мемлекеті арасындағы қатынастардың жақсаруы осы елдердің бауырлас бірлігінің нығаюына және өңірдің одан әрі өркендеуіне қызмет етеді, - делінген хабарламада. Бұл қадам 2016 жылғы ИЫҰ-ның Ыстанбұлдағы саммитінде Қазақстан ұсынған Исламдық татуласу үрдісінің идеясына сай келеді.
"Таяу Шығыс өңіріндегі барлық елмен әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенімізді білдіреміз, - делінген мәлімдемеде.