Алматыдағы тұрғын үй құлайын деп тұр (видео)

Алматыдағы тұрғын үй құлайын деп тұр (видео)

Алматыда жаңадан салынған үй құлағалы тұр.

«Зерделі-6» (бұрынғы «Алғабас») ықшамауданындағы №179 үйдің тұрғындары көпқабатты үйдің қисайып жатқанын айтады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 


Тұрғындар қала әкімдігіне хат жазған. Тұрғын Данияр Мұхаметов 8 желтоқсанда үйдің қисая бастағанын байқағанын айтады. «Көрші үймен салыстырғанда, біздің үй қисайып жатыр. Тұрғындар, көршілер барлығы шағымдана бастады. Есікті жабу да қиындап кетті. Кеше ТЖ қызметкерлерін, әкімдіктегілерді шақырдық, үйді қарап кетті», – дейді Данияр.

Видео: Дереккөзден алынды

Бұл үй «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылы пайдалануға берілген. 



Фото: Дерекөзден алынды

№179 үйде барлығы 72 пәтер бар.

Бұған дейін 2016 жылы «Алғабас» ықшамаудандарының тұрғындары көпқабатты үйдің қисайғанын айтқанда, үйдің тұрғындары эвакуацияланған болатын.