Атырауда үйден үш адамның мәйіті табылды
Атырауда үйден үш адамның мәйіті табылды

Қаза тапқандар 1927, 1971 және 1978 жылдары туғандар.

Атырауда екі ер адам мен бір әйел адам белгісіз заттан уланып, қайтыс болды, деп хабарлайды Liter.kz ақпарат агенттігі облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті үш адамның мәйіті 10 желтоқсанда кешке жеке тұрғынүйден табылғанын хабарлады.

«Түнгі сағат 5:30 шамасында «Жұлдыз» ықшамауданындағы үйден үш адамның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Уланудың себебі – газдан деп болжанып отыр.