Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді
174
оқылды
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Sports.kz. Tukeshov Boxing Promotions компаниясы ұйымдастыратын кеште рингке Қазақстанның тәжірибелі боксшылары және дебютанттар шығатын болады. Шоу хедлайнерлерінің бірі - жеңіліп көрмеген спортшыларымыз Рай Сейітжанов (5-0, 2 КО) пен Нұрбол Бердімұратовтың (2-0) айқасы. Кездесу 8 раундқа есептелген. Р.Сейітжанов соңғы жекпе-жегін Алматыда 18 желтоқсанда өткізген еді. Ол бірінші раундта ресейлік Евгений Ваземаны (9-13, 4 КО) нокаутқа жіберді. Н. Бердімұратов та осы кеште Райымбек Түкеновке қарсы айқасып, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңіске жетті.