Төбені тесіп сот залынан қашпақ болды (видео)
Төбені тесіп сот залынан қашпақ болды (видео)
244
оқылды

«Жын шығарамын» деп әпкесін өлтірген жігіт сот залында қылық көрсетті.

Сектаның таным-түсінігімен әпкесін аяусыз өлтірген мәскеулік Леонид Грейкер Щербинск сотында полиция қызметкерлерінің көзін бақырайтып қойып, төбені тесіп қашып кетуге тырысқан, – деп хабарлайды life.ru

Ол сотталушы отыратын қоршау ішінде қолын жоғарыға көтеріп, тартылып, пластик төбені сындырып, шатыр арқылы қашпақшы болады. Абдырап қалған сот орындаушылары қашқынды ұстауға тура ұмтылды, бірақ камерадан тайсақтаған олар сотталушыға күш қолдана алмай, әбден әбігерге түсті. Жігіттің шалбары шешіліп, сытылып кетпек болғанда оған ақыры ток ұрғыш пайдаланылды. Сол кезде ол бірден сабасына түскен.

Жақында Мәскеуде 18 жастағы жігіт 21 жастағы әпкесінің бойынан «жын шығарамын» деп өлтіріп алған. Тексеру кезінде оның пәтерінен есірткі табылды.

 

https://youtu.be/TLLRwS0ht9I