Бөлтірікті ауласында асырап отыр
Бөлтірікті ауласында асырап отыр
188
оқылды

Қасқыр туралы ақпарат Instagram-дағы @5kanal.kz паблигінде тараған.

Қарағанды ​​облысының Суықсу ауылының тұрғыны жеке үйдің ауласында қасқырдың бөлтірігі туралы видео түсірілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ер адам өз ауласында қасқыр асырап, ауылдың сыртында бірге серуендейді. Біздің балаларымыз көп, сондықтан қорқамыз. Ер адам біздің айтқанымызды тыңдамайды. Біз не істеуіміз керек?», - деп жазады желіде автор.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде иесі жыртқышты өзімен бірге алып жүргені туралы видео бар.

«Мен бөлтірікті қоршауда ұстаймын, олар ешкімді тістемейді, сыртқа шықпайды. Бұл бөлтіріктерді босатса тірі қалмайды. Олар енді қасқыр емес. Мен оларды өзім тамақтандырамын. Уақыт келгенде хайуанаттар бағына тапсырамын. Бірақ менде тағы бір мақсат бар – оларды итпен будандастырып, төбет секілді мықты тұқым алу», –дейді аңшы.

Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының зерттеушісі Алена Кошкина жануарлар қандай жағдайда қожайнның қолында бола алатыны туралы айтты.

«Біріншіден, иесінің қасқырдың шыққан жерін көрсететін құжаттары болуы керек. Егер ер адам оларды итпен будандастырғысы келсе, бұл барлық тұқым өсірушілер үшін міндетті ереже. Екіншіден, олардың ұстап отыру шарттарын тексеру керек – қоршаудың мөлшері қандай? Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері анықтайды. Егер ол адам осы шарттарды қамтамасыз ете алатын болса, бөлтіріктерді қалдырған дұрыс, өйткені олар дәл қазіргі қатал табиғатта тірі қалмайды», - деп түсіндіреді маман.


https://youtu.be/n-0fqzf_Xn4

https://youtu.be/OLnoxHIxVgs