Головкин алғаш рет The Ring журналының ТОП-10 рейтингіне енбей қалды

Бокс әлемінде беделді саналатын The Ring журналы салмақ дәрежелеріне тәуелсіз (pound-for-pound) үздік кәсіби боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір қызығы, соңғы алты жылда аталған рейтингте үнемі орын алатын IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин бірінші рет (300 аптадан астам) алғашқы ондыққа ене алмады. Былтыр үздік ондықты түйіндеген қазақстандықтың орнын биыл жапондық Казуто Иока иеленді. Казуто 31 желтоқсанда Токиода өзінің отандасы Косей Танакамен кездесіп, сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Ring-тің P4P үздік 10 рейтингі:

  • 1. Сауль Альварес (Мексика)
  • 2. Наоя Иноуэ (Жапония)
  • 3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
  • 4. Александр Усик (Украина)
  • 5. Эррол Спенс (АҚШ)
  • 6. Теофимо Лопес (АҚШ)
  • 7. Ломаченко Василий (Украина)
  • 8. Хуан Франциско Эстрада (Мексика)
  • 9. Джош Тейлор (Ұлыбритания)
  • 10. Казуто Иока (Жапония)

Спорт эмоциаларының бас демеушісі - 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.