«Елорда жастары» қашан іске қосылады?
«Елорда жастары» қашан іске қосылады?
134
оқылды

Нұр-Сұ­лтан қаласының жастарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Алдағы бір жарым айдың ішінде елорда жастарына арналған жағымды жаңалық жария болмақ. Б­ұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Facebook желісінде өткен тікелей эфир кезінде мәлімдеді.

Ләззат Ибрагимова жақында іске қосылуы мүмкін «Елорда жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасының талаптары қандай болатынын айтып берді. «Біз қазір әкімдікпен бірге бұл бағдарламаның талабын талқылап жатырмыз. Ол – «Елорда жастары» бағдарламасы деп аталады. Алдын ала келісімдер бар. Аталмыш бағдарлама, ең алдымен жас отбасыларды қолдауға бағытталған. Ол жерде де лимит бекітіледі. 5 пайыздық ставка болса, бастапқы жарна көлемі шамамен 10 пайызға тең болуы керек», – дейді Ибрагимова. Ләззат Ибрагимова бұл бағдарламаға ең бірінші кезекте елордада еңбек ететін, алайда кезекке тұра алмай жүрген жастарды қосу көзделіп отырғанын алға тартты. Оның айтуынша, бүгінде бағдарламаны іске қосудың соңғы сатысына жақындаған. Бұл жобаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов қолдау білдіріп отыр.

Айдана БЕГІМ