Мемлекеттік мекемелер кәсіпкерлікпен айналысқан
Мемлекеттік мекемелер кәсіпкерлікпен айналысқан
102
оқылды

Ақмола облысындағы мемлекеттік мекемелер кәсіпкерлік қызметпен айналысып келген. Бұ­л туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Ақмола облысы аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларының мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын талқылауы кезінде айтылды.

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын төмендету, кәсіпорындар жарғысындағы қызмет түрлерінің тізбесіне қатысты Үкімет қаулысындағы соңғы түзетулерге сәйкестендіру қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Себебі Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабына сәйкес мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы қысқартылған. Департамент басшысының міндетін атқарушы А.Тұрысбаевтың айтуынша, өткізілген Open Space қорытындысы бойынша департамент мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың 50% және одан да көп қызметтерінің жарғылық түрлеріне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, «қызметтің басқа түрлері» «Болашақ» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру клубы» МКҚК, «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК, «Олимп» ДСК» МКҚК, «Коммунсервис» ШЖҚ МКК, «Егіндікөл аудандық мәдениет үйі» МКҚК және «Жақсы хабаршысы» газетінің редакциясы» ЖШС жарғыларының редакцияларында бар екені анықталды. Анықталған сәйкессіздіктер негізінде департамент осы мемлекеттік кәсіпорындар құрылтайшыларының атына тізбеде көзделмеген қызмет түрлерін жарғылардан алып тастау жөнінде шара қабылдау туралы 6 нұсқама шығарды. Қазір 2 нұсқама орындалды, 4 нұсқама орындау сатысында.

Айдана БЕГІМ