Toyota Land Cruiser-ді қарыздың орнына алып кетті
Toyota Land Cruiser-ді қарыздың орнына алып кетті
125
оқылды

Көлік иесінің үш жылғы қарызы 1 млн 268 мың теңгеге жеткен.

Алматы облысының тұрғынынан Toyota Land Cruiser көлігі салық бойынша қарызы үшін тәркіленді. Жол талғамайтын көлік иесінің мемлекетке миллионнан астам қарызы бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Алматы-Бішкек трассасында полиция Toyota Land Cruiser 100 көлігін ұстады, KRSPI мәліметтер базасына сәйкес, сот орындаушысының 2015-2018 жж. арналған көлік салығы бойынша қолданыстағы шараларға қатысты шешім қабылдағаны анықталды. Жалпы қарыз – 1 миллион 268 мың теңге. Автокөлікті мамандандырылған айыппұлдар тұрағына иесі қарызды өтегенге дейін орналастырды. Жол талғамайтын көлік иесі салық қарызын төлеуге міндеттенді.

«Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қолданыстағы салық қарызын ерікті түрде төлеуге шақырады. Салық төлеушілер салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты kgd.gov.kz cілтемесіне өту арқылы біле алады. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғалардан көлік құралдарына салықты 2019 жылға төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады», – деп хабарлайды Алматы облысының МКД.