Болат Хабижанұлы қазақ үшін алтын дәрігер
Болат Хабижанұлы қазақ үшін алтын дәрігер
160
оқылды

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Бас ғылыми қызметкері, профессор Болат Хабижанұлының 80 жылдық мерейтой құрметіне орай салтанатты жиын өтті.

Жиынға ғалымның достары мен әріптестері, орталықтың дәрігерлері мен қызметкерлері,  сонымен қатар шәкірттері қатысып, мерейтой иесіне сый құрмет көрсетілді. 

Салтанатты жиынға арнайы қатысқан С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин мерейтой иесінің денсаулық саласына сіңірген еңбегін атап өтіп, қоғамдық денсаулықты дамытуға және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін «Университет мақтанышы» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ оқу орнының басшысы ардақты ұстаздың есімін университеттің «Даңқ» аллеясына жазылатындығын атап өтті.

Ал Ұлттық Медициналық қауымдастығы Болат Хабижанұлын «Алтын дәрігер» медалімен марапаттады.

WhatsApp Image 2019-12-11 at 20.10.18.jpeg

Жиын барысында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева Болат Хабижанұлының қызмет жолы мен орталыққа сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды.

Мұғалім мен дәрігер – бұл адамдарға денсаулық пен білім беретін ең маңызды және ең құрметті мамандықтар. Бұл екі мамандық Болат Хабижанұлының өмірінде жемісті қабыса білді. Ұзақ жылдар бойы алған білімі мен жинаған тәжірибесін жастарға үйретуден шаршамай келеді. Бар ғұмырын балалар денсаулығына арнаған, құрметті оқытушы-профессор Болат Хабижанұлының басты жетістігі – сан мыңдаған құтқарылған өмір, мыңдаған алғыс пен ризашылық жүрек, бүгінде дәрігер атанып отырған, өнегесі мен жолын жалғастырар мыңдаған шәкірттері.