Қолжетімді үй кімдерге бұйырды?
Қолжетімді үй кімдерге бұйырды?
125
оқылды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қолға алынған «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 949 пәтер берілді.

Бұл бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік салалар мен БАҚ-та жұмыс істейтін жастар, сонымен қатар ЖОО мен ҒЗИ-ның қызметкерлері қатысты.   үй Тағы 432 пәтерді «Шаңырақ» бағдарламасының шарттарына сәйкес кезекте тұрғандар алды. 360 отбасы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы жеңілдетілген несие шарттары бойынша баспаналы болды. Көпбалалы және толық емес отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың өкілдері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жыл ішінде 365 пәтер алды. Коммуналдық тұрғын үй қорынан 429 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері мен көпбалалы отбасыларға бөлінді. Өткен жылы барлығы 2535 алматылық отбасы қолжетімді баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасады.