Мемлекеттік бағдарламамен алынған пәтер дүкенге айналған

Мемлекеттік бағдарламамен алынған пәтер дүкенге айналған

Көпбалалы отбасы үш бөлмелі пәтерінің бір бөлмесінен дүкен ашып, ар жағында өздері тұрған екен. Олардың мұндай қулыққа барғаны әкімдікке Instagram парақшасы арқылы белгілі болған.

Видеода үй иесі Нұр-Сұлтаннан көшіп келіп, осы жазда жаңа тұрғын үй кешеніне қоныс аударып, оның ішінен дүкен ашқанын хабарлаған. Олар бұл үйді жергілікті әкімдіктің көпбалалы отбасына арналған "Нұрлы Ертіс" бағдарламасы бойынша алған.
  
Олардың үш бөлмелі пәтері  көпқабатты үйдің бірінші қабатта орналасқан. Содан табыс табу мақсатында отбасы пәтердің бір бөлмесіне дүкен ашып, арғы бөлмесінде өздері бес баласымен бірге тұрған. 

Қазір әкімдік "Нұрлы Ертіс" пилоттық жобасы аясында белгісіз жерде сауда жасау мен қызметтік тұрғын үйді заңсыз пайдалану фактісі бойынша комиссиялық тексеру жүргізді. Сөйтіп, отағасының 29 қарашада жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені анықталған. Тексеру барысында үйде келіншегі ғана болған.

"Онымен тұрғын үй қорынан бөлінген тұрғын үйді жалға беру келісімшартын бұзу фактісіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді" деп түсіндірді Екібастұз әкімдігі.

Бірінші жолға әкімдік бұл отбасына кешірім жасап, қателігін түзеуге мүмкіндік берді. 

«Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді. Осы шарттар орындалмаған жағдайда» Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы «КММ еңбек шартын біржақты тәртіппен бұзуға мәжбүр болады. Бұған қоса, бұзушылар бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады», - деп атап өтті Екібастұз әкімдігі.