Балық шаруашылығы комитеті құрылды
Балық шаруашылығы комитеті құрылды
261
оқылды

«Комитет құру балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы 2020 жылғы Жолдауында Қазақстан балық шаруашылығының әлеуеті зор екенін ескере отырып, оны дамытуға баса мән беру қажеттігін айтқан», – деп хабарлайды Экология министрлігі.

Қазақстанда Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында болған Балық шаруашылығы комитеті 2014 жылы таратылған. Сол уақыттан бері балық шаруашылығының мәселесі Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне жүктелген болатын.

Алдағы уақытта балық экспортын 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспарда бар.