Шымкентте 70-ке жуық отбасына көмек көрсетілді
Шымкентте 70-ке жуық отбасына көмек көрсетілді
5,136
оқылды

Қайырымдылық ақциясының арқасында 70-ке жуық отбасы азық-түлікпен қамтылды.

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы қолдауымен өткізілген "Шымкент – қайырымды қала" акциясын Қаратау ауданының әкімдігі ұйымдастырған болатын. 

«Шымкент - меценаттар қаласы. Мұны бүгінгі іс дәлелдеді. Қаратау кәсіпкерлерінің белсенділігі арқасында тұрмысы қиын 70-ке жуық отбасына азық-түлік пен негізгі қажеттіліктері таратылды», - деді Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов.
,