Жылы аялдама ішіндегі касса аппаратын ұрлаған ер адам ұсталды
Жылы аялдама ішіндегі касса аппаратын ұрлаған ер адам ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, касса аппаратын ұрлады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында түнгі сағат 2-лер шамасында Достық – Түркістан көшелерінің қиылысында ер адам есікті сындырып, жылы аялдаманың ішіндегі дүкенге кірген. Касса аппаратын, монитор, штрихкод сканерін және флешканы ұрлаған.

Дүкенге жалпы көлемі 300 мың теңгеге жуық шығын келтірген.

Полицейлер күдіктіні құрал-жабдықтарды сатпақ болған сәтінде ұстады. Қылмыстық іс қозғалды.