Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, касса аппаратын ұрлады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады.Дүкенге жалпы көлемі 300 мың теңгеге жуық шығын келтірген.Тергеу барысында түнгі сағат 2-лер шамасында Достық – Түркістан көшелерінің қиылысында ер адам есікті сындырып, жылы аялдаманың ішіндегі дүкенге кірген. Касса аппаратын, монитор, штрихкод сканерін және флешканы ұрлаған.
Полицейлер күдіктіні құрал-жабдықтарды сатпақ болған сәтінде ұстады. Қылмыстық іс қозғалды.