Маңғыстауда жол жиегіне 13 «түйе» мен «жылқы» не үшін орнатылады?  
Маңғыстауда жол жиегіне 13 «түйе» мен «жылқы» не үшін орнатылады?  
384
оқылды

Бұл туралы kolesa.kz жазды.

Жануарлардың муляжын полицейлер жолдың қауіпті бөліктеріне орнатады. Облыстық Полиция департаменті мамандарының айтуынша, жылдамдықты шектен тыс асыру мен жолда қараусыз жайылып жүрген мал жол апатына жиі себепкер болады. Жол апатын азайту үшін полицейлер жол жиегіне муляж орнатқанды жөн көріпті.   [caption id="attachment_101237" align="aligncenter" width="872"]Маңғыстау, жылқы, түйе, муляж Фото: kolesa.kz[/caption] Олардың айтуынша, қала ішінде қолданылатын адам пішіні бұл мақсатқа сай келмейді.

«Айдалада сөмке асынған оқушы кетіп бара жатса, оғаш көрінеді» деген мамандар «түйе» мен «жылқыны» қоюды жөн санаған көрінеді.

Ақтау — Жетібай, Жетібай — Шетпе, Шетпе — Сайөтес, Сайөтес — Бейнеу, Жетібай — Жаңаөзен, Ақтау — Құрық және Бейнеу — Боранқұл тасжолына 13 түйе мен жылқы муляжы орнатылады. Қараңғыда жақсы көріну үшін арнайы қапталады.

Бұған дейін Қарағанды облысында жол бойына орнатылған қасқырдың ескерткіші туралы жазған болатынбыз.