Астана әуежайында ПТР тест тапсыру орталығы ашылды
Астана әуежайында ПТР тест тапсыру орталығы ашылды
5,125
оқылды

Енді астана әуежайының жолаушылары мен қонақтары GrinLab тестілеу орталығында ПТР және ИФА әдістері арқылы коронавирусқа тест тапсыра алады.

ПТР тестілеудің құны 9 000 теңгеден басталады. Нәтижесі электронды поштаға орыс немесе ағылшын тілінде жіберіледі. Тест нәтижесін 12 сағаттың ішінде алуға болады.

Ал ИФА әдісімен антиденеге экспресс тест тапсыру құны – 6 500 теңге. Антигенге экспресс тест тапсыру құны – 8 500 теңге. Тест нәтижесі 15 минут ішінде дайын болады.