Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков хабарлады.
Басқарма қызметкерлері Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Қораны тінту кезінде жалпы салмағы 4 келі 535 грамм үш қап кептірілген марихуана табылды.Күдікті Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды.