Полицейлер екі күнде 200 қылмыс ашты дегенге сенесіз бе?
Полицейлер екі күнде 200 қылмыс ашты дегенге сенесіз бе?

Алматылық полицейлер осы фактілерін дәлелдеуге тырысты.

Алматыда «Құқық қорғау» атты жедел-профилактикалық іс-шарасына  Ішкі Істер органына қарасты барлық бөлім қатысты. Тіпті, жергілікті полиция инспекторлары, көші-қон қызметінің қызметкерлері, криминалдық, патрульдік полиция қызметкерлері және тұрғындар арасында мобильді топтар құрылды.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қалада бітімгершілік операциялары жүргізілген екі күннің ішінде 200-ге жуық қылмыс және бұрын жасалған 46 қылмыс тез ашылды. Оның арасында адам өлтіру, қарақшылық және тонау ісі бар. Іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 32 адамның қайда екені анықталды.

– Осы екі күнде 2 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның көпшілігі көші-қон қызметінен. Елімізде тұру ережелерін бұзғаны үшін 704 адам жауапқа тартылды, оның 95-і - шетелдік азамат, негізінен ТМД елдерінің азаматтары. Департаменттің қабылдау бөліміне 72 шетел азаматы жеке басын куәландыратын құжатсыз орналастырылды, – Алматы қаласының Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Алмасбеков.