Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, полицейлерді аязда далада жалаң аяқ, жалаң бас жүрген бозбаланы көргендер шақырған. Жасөспірім анасын өзі өлтіргенін айтқан. Қылмыс 8 қаңтарға қараған түні қаланың Алмалы ауданында болған.
"2005 жылғы кәмелетке толмаған бала жанжал кезінде анасына бірнеше рет пышақ салғаны анықталды. Салдарынан әйел сол жерде қайтыс болған. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баламен психологтардың көмегімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, балада психикалық ауытқушылықтың айқын белгілері бар", - делінген хабарламада.