Денсаулық сақтау министрлігі 8 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 7 қаңтарда Атырау облысы «қызыл» аймақтан шықты. Осылайша, «қызыл» аймақта Қазақстанның бір де бір өңірі қалмаған. «Қызыл» аймақтар бойынша бүгінгі матрица өзгеріссіз қалды. Тек «сары» аймаққа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен қатар Батыс Қазақстан кірді. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.