Nur Otan партиясының үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысын пысықтау, ұйымдастыру, ағымдағы мәселерді талқылау мақсатында төрт күн қатарынан еліміздің оңтүстік өңірлерінде партияның өкілдері болды. "Ең алдымен, Алаштың анасы – Сыр өңіріне ат басын тіредік. Мұнда өңірдің жігерлі жастарымен, волонтерлармен, штаб қызметкерлерімен және партиялық бақылаушылар тобымен бірқатар кездесулер өткізіп, алдағы жоспарларымызды талқыладық. Сабырлы сөз бен салиқалы ойға жүгінген Сыр елі азаматтарының партияға деген ықыласы ерекше", – деді Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбай. Кейінгі сапар ер түріктің бесігі - Түркістанда жалғасты. Мұнда, әсіресе, жастардың отты жанары, елге қызмет етсем деген ынтасы сүйсінтті. Жалындаған жастары бар елдің ертеңі баянды болмауы мүмкін емес.