Тараздағы оқиғадан кейін Кентау мектебінде ауладағы дәретханаларды құлып салып, жауып тастады.
Мектеп директорының айтуынша, Тараздағы оқушының зорлығынан кейін, мектеп ауласындағы барлық әжетханаға құлып салып, жауып тастаған. Тіпті, мектепке 23 бейнекамера орнатып, күзетшілер тәулік бойы күзететін болған.– Біз бұл жағдайға дейін даладағы әжетханаларды пайдаланып жүрдік. Өйткені кейбір балалар ғимараттағы дәретханадан гөрі, ауладағыға барғанды жөн көреді. Әйтпесе, мектеп ғимаратының әр қабатында сегіз дәретханадан бар. Сонымен бірге, мектептің фойесінде теледидаран мектепке келгендерді көріп отырмыз, – деді Әлия Молдағұлова атындағы орта мектептің директоры Гүлжахан Тәжімбетова.
Әлия Молдағұлова атындағы мектеп 2009 жыл салынған.