Димаш "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды
Димаш "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды
152
оқылды

Облыстық мәслихат депутаттары Димаш Құдайбергенге бұл атақты беруді бірауыздан қолдаған.

Димашпен бірге бұл атаққа барлығы 10 адам ұсынылған. Соның төртеуі ғана лайықты деп табылған. Олар:философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық, "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин және жас әнші Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, күні кеше АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында концерт өткізіп, елді тамсандырған Димаш талай халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды.

2014 жылы "Дарын" мемлекеттік сыйлығын алған.

2015 жылы "Жыл әншісі" болып, 2016 жылы "Эстрада әртісі" сыйлығын иеленді.

Ал 2017 жылы Қытайда өткен I am a Singer байқауында екінші орын алып, күллі әлемге танылса, биыл Ресейде "Жыл әншісі" атанды. Сондай-ақ, таяуда ғана Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинация бойынша жеңіске жеткен.