Елорда тұрғындары сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді

Елорда тұрғындары сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді

10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы 6.00-ден кешкі сағат 23.00-ге дейін қатынайды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 11 қаңтарда қоғамдық көліктердің жұмысы әдеттегідей жалғасады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады.

«Маска тағу режимін сақтау туралы естеріңізге саламыз. Автобустарға маскасыз кіруге болмайды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы өтеді.