«Орбұлақ шайқасы» – Тәуелсіздікке тарту (видео)
«Орбұлақ шайқасы»  – Тәуелсіздікке тарту (видео)

Телехикаяны таныстыру шарасына келген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Орбұлақ шайқасы» фильмін елімізді, елдігімізді, дәстүрімізді танытатын  фильм деп бағалады.


WhatsApp Image 2019-12-12 at 08.10.11.jpeg

Биыл ұлттық арна 14 телехикая түсіріп, көрермен назарына ұсынды.  Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ләззат Танысбай Орбұлақ шайқасы туралы телехикая корпорация ұжымының тарихты түгендеу ісіне қосқан үлесі деді. 

«Тарихи  сериалдарды түсіру – өте күрделі әрі қымбат процесс. Сондықтан бұл бағытта әзірге  мемлекеттік арналар ғана қадам жасап келеді. Біз жыл сайын тарихи сериалдар санын көбейту міндетін алға қойып отырмыз. Келесі жылы Абай мен Әл-Фараби телехикаялары түсіріледі», – деді Л.Танысбай.


WhatsApp Image 2019-12-12 at 08.10.11 (1).jpeg

1643 жылы Орбұлақ маңында 50 мың қолға төтеп берген 600 қазақ сарбазы туралы телехикая Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Орбұлақтың өзінде түсірілген.  

Телехикаяның продюсері бұған дейін «Кейкі мерген», «Тар заман» тарихи туындыларын түсірген Мұрат Бидосов, кеңесшісі – жазушы,  Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеев.


WhatsApp Image 2019-12-12 at 08.10.13.jpeg

«Телехикаяны түсіру барысында Салқам Жәңгір сарбаздарының ерлігі туралы оқиға қалай болған деген сұраққа жауап беруге тырыстық. 600 сарбаздың Қоңтайшының 50 мың әскеріне  тойтарыс беруі  аңыз сияқты естіледі.  Ал, бұл тактикалық соғыс болатын. Түсірілімге елуден астам каскадер қатысты. Оқиғаны барынша ашуға тырыстық», – деді продюсер.