Күн күрт суытады
Күн күрт суытады
139
оқылды

Бүгін ауа райы құбылмалы болады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, кейбір аймақта жауын-шашын болады. Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының бірқатар аумақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы ықтимал. Түркістан облысының басым бөлігінде тұман түседі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.