«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы қызметіне Әділ Қожықов тағайындалды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұжымына жаңа төраға Әділ Қожықовты таныстырдым», - деп жазды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында. Ә.Қожықов 1978 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінде ғылыми қызметкер болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясат және талдау орталығында жұмыс істеген. 2005-2011 жылдар аралығында ҚР Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған: Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы, Ақпараттық-талдау орталығында сектор меңгерушісі, Баспасөз хатшының орынбасары, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болған. 2011-2012 жылдары - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының орынбасары. 2013-2014 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2014 жылғы сәуір - 2016 жылғы қыркүйек аралығында «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарды. 2016 жылғы қазан-желтоқсан аралығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі болды. Одан кейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты комитетті басқарып, соңғы уақытта ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып еңбек етті.