Сот «Олимптің» жұмысын тоқтатты
Сот «Олимптің» жұмысын тоқтатты
130
оқылды

24.kz-тің жазуынша, Алматыда «Олимп» жұмысын жарты жылға тоқтатты.

Таяуда басталған бес тігетін компания төңірегіндегі дау-дамай жуық арада шешілмейді.

Себебі осы уақытқа дейін заңсыз әрекетпен де айналысып келген.

Алдын ала болжам бойынша, қомақты қаражат шетел асып отырған. Нақты қай елге жөнелткені белгісіз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура істі тергеуде. Бірақ қазақстандықтар ұтқызған ақша, үй мен бизнес қайда кетті және нені қаржыландыруға жұмсалды ол жағы әзірге белгісіз.

Анығы, Алматының мамандандырылған ауданаралық соты компанияның жұмысын жарты жылға тоқтату туралы үкім шығарды.