Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бейсқали Толқын Ермекқызы «Есіктен есікке» акциясы аясында Мұқыр ауылында ардагер ұстаз, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Бөлекбаева Қанзиба апайдың шаңырағында кездесті. Кездесуде Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып, ұсыныс-пікірін тыңдап, сауалдарға жауап берді. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда Nur Otan партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Үміткер Nur Otan партиясының ауданға арнайы әзірлеген бағдарламасында тұрғындардың әл-ауқатының артуына көп көңіл бөлінгендігін айтты. Жол, ауыз су мәселесі күн құрғатпай шешілетінін жеткізген Толқын Ермекқызы мұғалімдер мен дәрігерлердің де табысы артатынын айтты. Кездесу соңында үміткер Қанзиба апайды сайлауға шақырып, бас партияға дауыс беруге үндеді.
Nur Otan партиясы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.