Ломбардтар кепілдегі мүліктері туралы мәлімет беруге міндеттеледі
Ломбардтар кепілдегі мүліктері туралы мәлімет беруге міндеттеледі
180
оқылды

Келер жылдан бастап ломбардтардың қызметіне жаңа талаптар енгізіледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі.

ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев: «Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеп, бекітті. Онда ломбардта заттарды сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды анықтау тәртіптері көрсетілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтық ұйымдар микронесиелеу ұйымдарына санатына жатқызылады. Осы қағидаларға сай, ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі. Ал полиция бөлімшелеріне жымқырылған мүлік пен қойылған кепіл нысанын тексеру үшін осы бюро қолжетімді болады», – деді.

Оның айтуынша, ұрланған заттардың көбі (зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техникалар) ломбардтарға өткізіледі.

Сондықтан ұрлықты азайту үшін ломбардтарға өткізілген заттар тексеріледі.