Сириядан оралғандар 8 жылдан 14 жылға дейін сотталды
Сириядан оралғандар 8 жылдан 14 жылға дейін сотталды
127
оқылды

Сирияда содырлармен бірге соғысып, елге келгендерге сот үкімі шықты.

КТК арнасының хабарлауынша, Сирияда содырлардың сапында соғысқа қатысып келгендерге сот үкімі шықты.

Ісі қаралған 14 отандасымыз ең азы – 8 жыл, ал ең көбі 14 жыл арқалады. Сот отырысы колонияда өтті. Екі ай бойы жалғасқан сот отырысы бүгін аяқталды. Сотталғандардың ішінде ең жасы 1997 жылы туған Абзал Амангелдіге 8 жылға жаза кесілді. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді. Тағы төртеуіне осынша жаза кесілді.

Көшеде кесілген төрт адамның басын аяққа басып тұрып суретке түскен Аманжол Жансеңгіров 12 жылға қамалды. Ал 14 жылға сотталған Нұрлан Камалов Сирияда әмір дәрежесіне дейін көтерілген.

Айта кетейік, «Жусан» арнайы операциясының арқасында Сириядан 600-дей қазақстандық елге қайтарылды. 14 адам да Сириядан әкелінген.