Шардара СЭС-і жақында толық жаңғырудан өтеді
Шардара СЭС-і жақында толық жаңғырудан өтеді
268
оқылды

СЭС-ның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келді.

Шардара СЭС-інде үшінші гидроагрегат іске қосылмақ. Сырдария өзенінде орналасқан су электр стансасын толық жаңғыртумен байланысты ауқымды жоба аяқталып келеді. Төртінші, осы жоба аясындағы соңғы гидроагрегатты іске қосу келесі 2020 жылғы ақпанның соңына жоспарланған. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түбегейлі қайта құру СЭС-тің қуатын 26 процентке – қазіргі 100 МВттан 126 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Харьков зауытының ескі гидротурбиналарын австрия-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясының жаңа гидротурбиналарына ауыстыру стансасының электр энергиясын өндіруін жылына 480 млн кВтсағаттан 537 млн кВтсағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жаңа жабдық жылына қосымша 57 млн кВтсағат электр энергиясын өндіруден тыс, су стансасының жұмыс істеу мерзімін 35-40 жылға ұзартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, авария деңгейін төмендетеді. «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.

Жобаның жалпы құны 38 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-ке өз қаражаты есебінен, 68%-ке несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері – австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясы.

Әрқайсысының қуаты 31,5 МВт болатын алғашқы екі гидроагрегаттың 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылуы арқасында Шардара СЭС-і электр өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. Жоспарланған 301 900 мың кВтсағаттың орнына станцияда 403 655 мың кВтсағаттан астам электр энергиясы өндірілді.   

Айта кетейік, Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілген, белгіленген қуаты 100 МВт және гидроагрегаттарының саны – төртеу.

Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болғанымен, станцияның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, жаңғырту жобасының басталуына қарай жабдықтың тозуы шамамен 100%-ке жеткен. Су стансасында орнатылған электр жабдығының бір бөлігін оны жасаған зауыттар қазір шығармайды және оны өндірістен алып тастаған. Үнемділігі мен пайдалану сенімділігі тұрғысынан жабдықты одан әрі пайдалану мақсатқа сай болмай қалды.

Стансаны жаңғырту аясында жобалық қуаты жоғарылатылған – 31,5 МВт болатын бірінші гидроагрегат 2019 жылғы ақпанда іске қосылды. 2019 жылғы сәуірде екінші гидроагрегат пайдалануға берілді.

Шардаринская ГЭС.jpg