«Сергек» Түркістанға да жетті
«Сергек» Түркістанға да жетті
156
оқылды

Еліміздің тағы бір қа­ла­сын­да «Сергек» ор­на­­­­тылып, өз қызметін бас­та­­ды. ІІМ-нің түсіндіруінше, облыс ор­талығына ай­­­нал­ған Түр­кістан қаласында ха­­лықпен бір­ге көліктің де саны күрт кө­бейген. Осыған орай кө­шелер кеңейтіліп, арнайы жаяу жүргіншілер жо­лағы, ве­ложолдар са­лынды. Енді жол бойы соңғы үлгідегі бей-­­­ не­ба­қылау каме­ра­ла­ры­мен жаб­­­дықталуда.

Бұл жобаның басты мақсаты ретінде «жол қозғалысы ере­жесінің бұзылуына жол бермеу, жол-көлік оқиғасының санын азайту» аталды. Оның аясында Түркістан қаласының көліктер көп жүретін орын­дарында 10 «Сергек» автоматты құрыл­ғысы қойылып, олар 2021 жыл­дың 5 қаң­тарынан бастап іске қосыл­ды. Нақтырақ айтсақ, Тәуке хан көшесінде – 3, С.Қо­жанов кө­шесінде – 2, ал Бай­бұрт, Б.Сат­тарханов, Қа­зыбек би кө­­ше­лерінде, Қы­­зыл­орда тасжолы бойында, «Қа­зақстанға 30 жыл» даң­ғылына 1-еуден ор­натылды. – Бұл құрылғылар қауіп­сіздіктің жоғары дең­гейін қам­тамасыз ету және құқық­бұзу­шылықтарды автоматты түрде фотобейнетіркеу үшін керек. «Сергек» камералары рұқсатты жыл­дамдықты арт­тыру, қызылға өту, жол белгілері мен жолақ­та­рының талаптарын бұзу, рұқсат етілмеген жерде тоқтап тұру және автобус жо­лағымен жүру сияқты ереже бұзушылықтарды тіркеп, көлік иесіне өз бетінше айыппұл жазып отырады. Мә­селен, осы «Сергек» жұмыс іс­те­ген 2 күннің ішінде жыл­дамдықты асыру бойынша 25 әкімшілік құқық­бұзушылық анықталып, жүргізушілерге 500 мың теңгеге жуық айыппұл са­­­лынды, – дейді Түркістан облы­сының Әкімшілік полиция бас­­­­­­­­­­қармасы бастығының орын­басары Ғалымжан Есімов. Жалпы, 2020 жылы жол-кө­­лік оқиғалары сал­дарынан қаза тапқандар саны өткен жыл­­мен салыстырғанда 46 пайызға азай­­ған. Ал жарақат ал­­ғандар 115-тен 82-ге кеміген. Көр­­сет­кіштердің төмендеуіне бейне­­бақылау ка­­ме­­­раларының да сеп­­­­­­тігі тиюі тиіс.

Ерік ЕРДЕНОВ