«Жусан» операциясы жалғасады, бірақ атауы өзгереді – ҰҚК
«Жусан» операциясы жалғасады, бірақ атауы өзгереді – ҰҚК
140
оқылды

Операция арқылы 406 бала елге қайтарылған.

«Жусан» операциясы жалғасқанымен, оның атауы өзгереді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің елордада өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

«Жусан» операциясын жалғастырамыз. Әйтсе де, оның атауы өзгереді. Гуманитарлық операцияның көмегімен Сириядан 595 отандасымыз, оның ішінде 406 бала елге қайтарылды. Репатриация процесі әлі шегіне жеткен жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет емес. Оның 57-сі қылмыстық іске тартылған. Бүгінге дейін 3-9 жыл аралығында 24-і сотталды. 11 қыркүйекте елорданың мамандандырылған аудандық соты терроризмге қатысы бар деп айыпталған 14 адамға үкім шығарды», – деді ҰҚК Терроризмге қарсы орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкин. 

ҰҚК өкілінің айтуынша, террористік әрекетке қатысы жоқ әйелдер мен балаларды оңалту жұмысының арқасында 22 әйел зайырлы өмір салтын ұстанып, 33 әйел дәстүрлі исламға қайтқан.

«Келесі гуманитарлық операция «Жусан» деп аталмауы мүмкін. Репатриация жұмыстары жалғасып, елге қайтарылатын азаматтардың саны артады», – деді С.Швейкин.

жусан 2.jpg