Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді
Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді
130
оқылды

Әйгілі мәнерлеп сырғанаушылар мен Денистің достары өнер көрсетеді.

14 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді, – деп хабарлайды Olympic.kz.

Шоуда атақты мәнерлеп сырғанаушылар мен Денистің достары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Татьяна Волосажар мен Максим Траньков, Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже, Джереми Эбботт, Екатерина Гордеева және тағы да басқалар.

Бағдарлама мақсаты Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортын дамыту, еліміздегі туризмді, басқа да елдермен ынтымақтастықты дамыту.

Мұз шоуы елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде сағат 18.30-да басталады. Билеттер zakazbiletov.kz Kassir.kz Ticketon.kz сайттарында сатылымда.