Биылғы жылы қалада флюоротексеруден 395606 адам өткен, оның 237-іне туберкулез диагнозы қойылды.
Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы елордадағы №60 орта мектебінің мұғалімінен туберкулез ауруы тіркелгені туралы түсінік берді,– деп хабарлайды zakon.kz.
«Мұғалім клиникаға тексерілуге барғанда оған туберкулез диагнозы қойылды», – деді ол.
Қазір №60 мектепте профилактикалық тексеріс шаралары өтіп жатыр.
- Жалпы, 2019 жылы қала мектептеріндегі (№ 84, 74, 73, 80, 60 мектептер) мұғалімдер арасынан 5 туберкулез ауруы анықталды. Департамент қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырып, мектептерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Аталған науқастардың қарым-қатынас шеңбері анықталды және аталған ошақтарда қорытынды дезинфекция ұйымдастырды», – деді жауапты тұлға.
Орта мектептерде туберкулездің алдын алу үшін, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау қызметі мыналарды ұсынады:
– мектеп директорлары өз қызметкерлерін жыл сайынғы профилактикалық флюоротексеруден өткізу;
– жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлерді алдын-ала медициналық тексерусіз жібермеу.
Ағымдағы кезеңде қалада флюоротексеріс 395606 адамды қамтып, оның 237-іне туберкулез диагнозы қойылған.