Ресейде қар көшкіні жүрді
Ресейде қар көшкіні жүрді
101
оқылды

Ресейдің Норильскідегі шаңғы курортында қар көшкіні жүрді.

Соның салдарынан қонақ қабылдайтын 5 үйді қар басып қалды. Оның бірінде 4 адам тұрып жатқан көрінеді. Екеуі бала екен.

Ресей төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу Сібір аймағының іздеу-құтқару отрядының мамандары келіп жеткен. Елу құтқарушы мен төрт техника жұмысқа кіріскен. Әзірге қар көшкінінің көлемі жайында дерек жоқ.