Маңғыстаулық балалар үшінші тоқсанда мектепте оқитын болды
Маңғыстаулық балалар үшінші тоқсанда мектепте оқитын болды
120
оқылды

Енді маңғыстаулық оқушылар 3-тоқсаннан бастап мектепке барып оқитын болды.  Ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныпқа дейін кезекші сыныптар ашылады.  Ол 15 баладан аспауы тиіс.

«Қазіргі кезде бұл сыныптарға 77463 бала келеді деп жоспарланып отыр. Ал 9 бен 11-сыныптар аралас форматта оқытылады. Пәндердің 70%-і штаттық форматта мектепте өтсе, 30%-і қашықтан оқытылады. Мектеп бітіруші сыныптардың түлектері оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, колледждерде кешенді емтихандар, 11-сынып оқушылары жоғарғы оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсырады. Сондықтан да олардың сапалы білім алуы үшін мектепте оқуына жағдай жасалып отыр. Білім беру орындары санитайзерлермен, тепловизор және бактерицидтік лампалармен қамтамасыз етілген. Барлық мектептегі медициналық пункт күшейтілген режимде жұмыс істейді. Ал мектеп басшылығының шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 оқушыдан аспайтын топтарды оқытуға рұқсат беріледі »,-деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Мамаева.