Анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған оқушы табылды
Анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған оқушы табылды
122
оқылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапқан.

Анасының айтуынша, түнгі уақытта 11-сынып оқитын қызы екеуі арасында түсінбеушілік болып, ренжісіп қалған. Анасына ашуланған қыз сыртқа шығып кеткен. Ашуы басылған соң кіреді деп ойлағанымен, ол үйге қайтып келмеген. Содан ата-анасы қызын 2 күн бойы іздеп, таба алмаған. Нәтиже шықпаған соң полицейлерге хабарлайды. Ақпарат алысымен Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден кәмелет жасына толмаған қызды іздеуге кірісіп, оның баруы мүмкін жерлерден, хабарласуы мүмкін дос-құрбыларынан жауап алып, туыстарынан сұрастырған. Ақырында қыз Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен табылып, Шардара қаласында ата-анасына тапсырылды. Тексеру барысында анықталғандай, анасына ренжіген қыз бірінші күні Шардара қаласындағы құрбысының үйіне қонған. Ертеңінде Шымкент қаласындағы туысының үйінде болған.