2020 жылдың 1 қаңтарында мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, колледждер, қосымша білім беру жүйесі бірінші өсіммен қамтылды.
Осы жолы магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу бірінші рет енгізіліп отыр. Ал бұрынннан бар сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексерудің қосымша ақысы екі есе өсуде.Биыл нақтыланған бюджет аясында Алматы мұғалімдерінің жалақысын 25% көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді. Мегаполистегі мемлекеттік мекемелер – мектептер мен колледждерде, балабақшалар мен интернаттарда, мектептен тыс ұйымдарда 32 мың педагог қызметкер жұмыс істейді. Бұдан өзге, сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексеру, педагогикалық шеберлік, магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақы қарастырылған.