Бұл уақытша өзгеріс Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында орналасқан бағдаршам нысанындағы кабельдік кәріздің авариялық қалпына келтіру жұмыстарына байланысты.
Райымбек даңғылының шығыс бағытындағы қоғамдық көлік қозғалысы 9-11 қаңтар аралығында уақытша тоқтатылады. № 4, 7, 11, 23, 50, 54, 59, 69, 78, 117, 141 автобустары Райымбек даңғылындағы туннель арқылы уақытша айналып жүреді, ал жолаушыларды отырғызу және түсіру аялдамасы Жангелдин көшесінің қиылысында болады. Қала маңына қатынайтын №203, 207, 204, 221, 208, 220, 222, 224, 228 маршруттың жұмысы Жангелдин - Мақатаев көшесі – Көк базар және кері бағытта жүзеге асырылады.