Иммунитетті төмендететін 5 әдет
Иммунитетті төмендететін 5 әдет
132
оқылды

Вируc көбіне иммунитеті әлcіз адамдарға қaуіпті. Өйткені жұқпалы аурулардан ағзамызды қорғайтын – иммунитет. Ал иммиунитеттің әлсіреуіне ең алдымен әсер ететін біздің зиян әдеттеріміз екен. Соның қайсысысы екенін білесіз бе?

Дұрыс ұйықтамау – иммун жүйесінің тиімді жұмыс істемеуіне әкеледі. Сондықтан күніне 7-8 сағаттан аз ұйықтамау керек. Себебі  ұйқы кезінде иммун жүйесінің бактериялар мен вирустарға қарсы күресті қалыптастыруға жауапты бөлігі іске қосылады. Екіншіден, қозғалыстың аздығы. Қозғалыс болмаған соң иммунитет те нашарлай түседі екен. Байқасаңыз, сондай жандардың 40 пайызы тыныс алу мүшелерінің ауруынан зардап шегеді. Сондықтан күндізгі жаттығуға кем дегенде жарты сағат уақыт бөлген жөн. Үшіншіден, күйзеліс. Әрдайым стрессте жүрген адам, күйзеліске түсетіні айдан анық. Егер одан шыға алмаса, денсаулығына да әсер етеді. Мысалы күйзеліске ұшыраған адамдар басқаларға қарағанда тұмауға көбірек шалдығады. Ішімдікті үнемі пайдалану ақ қан жасушаларының вирусын, инфекциямен күресу тиімділігін төмендетеді екен. Бесіншіден,  антибиотиктер. Антибиотик ішкен сайын ағзаға зиян екенін ұмытпауымыз керек. Себебі олар ағзадағы иммун жүйе мен бактериялар арасындағы байланысты бұзады. Әдетте, антибиотиктер ауруды тезірек жеңуге көмектеседі. Бірақ артынан ағза әлсіреп, жұқпалы ауруды жұқтыруға көбірек бейім болады екен.