Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 49 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 49 науқастың жағдайы өте ауыр
5,094
оқылды

2021 жылдың 9 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.

9 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 830 адам короновирус инфекциясынан (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 5383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирусқа шалдыққандар арасында: • 283 адамның жағдайы ауыр; • 49 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.