Индонезияда 65 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Индонезияда 65 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
118
оқылды
Джакартадан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы ұшқан сәтте радарлардан жоғалып кетіп, кейіннен оның апатқа ұшырағаны анықталды. Бұл туралы Life.ru хабарлайды. Индонезияның көлік министрлігі ұшақ апатынан қайтыс болғандардың санын нақтылады. Ұшақ бортында 65 адам болған. Деректерге сүйенсек, ұшақ суға құлаған. Оқиға орнында адамдардың денелері мен ұшақтың қираған бөліктері табылған. SJ182 рейсі Джакартадан Потианакқа жергілікті уақытпен 14:37-де ұшып шыққан. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін төрт минуттан соң әуе кемесінің ұшу биіктігі 3 мың метрге түсіп кеткен.