Семейде бүгін үлкен өрт болып жеке үйдің аумағында бірден екі гараж өртеніп кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz. ШҚО ТЖД хабарлауынша өрт болған жерге 35 өрт сөндіруші және 4 техник жұмылдырылған. "Нәтижесінде "Рено Траффик" автокөлігі өрттен толық зақымдалса, "Тойота Эстима" екінші автокөлігін өрт сөндірушілер құтқара алды. Мамандар өрттің алдын ала себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу және электр энергиясының апаттық режимі болуы мүмкін", − деп хабарлады департамент. https://youtu.be/AqEf5d-Bbnw Сағат 18: 22-де өрт толығымен сөндірілді, өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.