Көлік тұрағының ақысы түнде де төленуі мүмкін
Көлік тұрағының ақысы түнде де төленуі мүмкін
5,130
оқылды

Бүгінде Алматыдағы тұрақтың бәрі таңғы 8-ден кешкі 19-ге дейін ақылы еді.

Енді A-Parking ақылы автотұрақтарға түнгі тариф енгізбекші.

«Қазір біз күндізгі ғана емес, түнгі тарифті де қарастырып жатырмыз. Яғни, сағатына 100 теңге емес, бір түнге 100 немесе 50 теңге алуы мүмкін. Ол ақыны күзеттегі адамдарға емес, тұрақ есептегішке төлейтін болады», - деді қалалық мобильді басқарма бастығының орынбасары Қанат Байғонов.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында A-Parking жүйесінде 11 683 автотұрақ бар. Оның 6109-ы - жол жиегіндегі автотұрақтар және 5574-паркинг типіндегі тұрақтар.