Атышулы Саша Барон енді Борат образымен шықпайтынын айтты
Атышулы Саша Барон енді Борат образымен шықпайтынын айтты
Шетелдік актер Саша Барон Коэн енді Борат образымен шықпайды. Ол БАҚ-қа бұл образдан бас тартқанын, енді бұлай жасаудың ешқандай мәні жоқ екенін мәлімдеді. 49 жастағы актер Variety журналына сұқбат беріп, енді Борат образымен шықпайтынын айтты. Оның айтуынша, 2020 жылы шыққан Борат туралы фильм толығымен Дональд Трампты сынауға арналған. ⠀
«Фильмді аяқтау керегін түсіндім. Енді бұлай жасаудың мәнін көріп тұрғаным жоқ», — дейді актер.